Облыс әкімінің IT-қоғамдастық өкілдерімен кездесуінде ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі жобалар талқыланды. Жобалар білім беру, жұмысқа орналасу, бизнес және қайырымдылыққа қатысты болды.
Skillset цифрлық технологиялар мектебінің директоры Қанат Қожахмет Павлодардағы цифрлық технологиялар орта мектебінің жобасын ұсынды. Оның бағдарламасы студенттер сапалы білім мен дағдыларды дәйекті түрде игеретіндей, ал, оқу орнын бітіргеннен кейін – IT-компанияларда тағылымдамадан өтіп, жұмыс істей алатындай етіп құрастырылған.
– Ата-аналар мен тәжірибелі айтишниктер үшін негізгі мәселе - балаларға білім беру. Сапалы білім бәріміз үшін басты мақсатқа айналды. Егер, мектеп туралы айтатын болсақ, онда дәл осындай тартылыс нүктесі құрылуы мүмкін, – деді Қанат Қожахмет.
Әбілқайыр Сқақов мұндай мектеп IT-индустрияны дамыту және өңірде бейінді мамандардың жаңа буынын қалыптастыру үшін жақсы іргетас болатынын атап өтті.
Біз ұсынысты қолдаймыз. Бізге барлық мектептермен өзара іс-қимыл жасауға және жаңа тәсілдерді үйретуге көмектесетін негіз қажет, — деді облыс әкімі. — Бұл digital саласындағы жайлы мектеп болады.
Kazdream компаниясының бас директоры Дәурен Төлебаев түлектерді және жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру жобасын ұсынды. Ол еңбек нарығының өзекті сұранысына сәйкес кадрлар айналымын қысқарту және мамандар даярлау жөніндегі шешімдер туралы айтты. Сонымен бірге, Дәурен Төлебаев ауыл балаларын компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге бағытталған қайырымдылық жобасын таныстырды.
- Статистикаға сәйкес, жыл сайын 100 адамнан тұратын компаниялар 15-20 ноутбукты есептен шығарады. Біз есептен шығарылған техниканы алып, оны жөндеп, дарынды балаларға береміз. Жоба талантты оқушылардың идеяларын жүзеге асыруға көмектеседі, - деді Дәурен Төлебаев. – Жобаға волонтер ретінде қатысуға болады.
Кездесуде Павлодар облысының тумалары және шетелдік мамандар өз ұсыныстарымен бөлісті. Олардың қатарында: Cerebra, Almaty A. I. Lab компаниясының негізін қалаушы Досжан Жүсіпов, Booking техникалық менеджері Әлібек Датбаев, Parqour бизнесті дамыту жөніндегі директор Ершат Мүліков, TRK Group директоры Асқар Ахметов, 5518 Studios компаниясының вице-президенті және тең құрылтайшысы Максим Михеенко және басқалар болды.
ақпарат: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі