Павлодар облысы Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Дархан Мырзабаев Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Цифрлы Қазақстанға қарай" атты халықаралық форумға қатысты.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған іс-шара интернетке кең жолақты қолжетімділік желілерін дамыту мәселелеріне арналды.

Форумның басты мақсаты интернетке кең жолақты қолжетімділікті дамыту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде Үкімет, байланыс операторлары және вендорлар арасындағы диалогты күшейту болды.

Форумға Қазақстан үкіметінің өкілдері, жоғары деңгейдегі халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың цифрландыру бойынша басшылары, байланыс операторлары, IТ-компаниялар және өзге де мүдделі ұйымдар қатысты.

Форумда ұлттық КЖҚ даму үрдісі және экономикалық тиімділігі, қоғам өмірін жақсартуға арналған КЖҚ, ақпараттық коммуникациялық технологиялар нарығының басты сұрақтары мен шешімдеріне қатысты мәселелер талқыланды.