Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді.

Оның сапарының алғашқы нысаны мамандандырылған ХҚКО болды, мекеменің жұмысымен танысып, азаматтарды жеке қабылдады.
Арнайы ХҚКО-дан кейін Министр Торайғыров университетіне барып, өңір тұрғындарымен кездесті және олардың сұрақтарына жауап берді.

Бағдат Мусин ведомствода жүргізіліп жатқан мемлекеттік қызмет көрсету, облысты қолжетімді интернетпен және байланыспен қамтамасыз ету бойынша жобалар мен жетістіктер туралы айтып берді. Орталық қызметтерге, ғарыштық мониторингтің, IT-саласының және бизнес процестерді реинжинирингтің артықшылықтарына баса назар аударды.

"Цифрландыру-бұл ұзақ процесс. Біз QR-код арқылы төлем қабылдауды енгіздік, бұл уақытты үнемдейді. Цифрлық ипотека, цифрлық құжаттар және т.б. сияқты қызметтер жұмыс жасап жатыр. Биометрия енгізілді. Сондай - ақ, "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп шағын елді мекендердегі байланыс мәселесін шешу жоспары әзірленуде", - деді Бағдат Мусин.

Жеке куәлікті терминал арқылы алуға немесе қайта шығаруға болады. Бұл құжатқа көші-қон қызметінің қызметкеріне жүгінбей-ақ 5-10 минут ішінде тапсырыс беруге мүмкіндік бар.

Цифрландыру министрлігі басшысының сөзінен кейін барлық жиналған тұрғындар оған өз сұрақтарын қойды. Тұрғындарды ауылдық аймақта мобильді байланыстың жоқтығы алаңдатты, сондай-ақ IT-секторымен, Мемлекеттік қызметтерді ұсынумен, ауыл шаруашылығын цифрландырумен және т.б. байланысты сұрақтар қойылды.

Халықпен кездесуден кейін Бағдат Мусин Торайғыров университеттің базасында орналасқан IT-мектебінің жұмысымен танысты. Мұнда 100-ден астам павлодарлықтар білім алды және тағы 300 қала тұрғыны оқуын жалғастыруда. Оқуға түсушілер қабылдау емтихан дарын тапсыру түрінде іріктеуден өтеді.

Сапар соңында Министр ақпараттық технологиялар колледжінде IT-Hub, бизнес-инкубаторда болды, ол хабтың әрбір тұрғынына өз стартаптарын құруға көмектеседі. Сапар барысында Б.Б. Мусин заманауи аудиториялармен және жабдықтармен танысты, өңірдің IT-бизнес өкілдерімен, сондай-ақ белсенді IT-студенттермен танысты және әңгіме өткізді.
Сапар аясында министр "ақылды қалалар" мәселесін қозғады.

- Павлодар жақын арада өзінің классикалық түсінігінде "ақылды қала" бола алады және қазір облыс басшылығы дұрыс жолда, - деп атап өтті Бағдат Мусин.