«102» мобильді қосымшасы.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың басында халықты полициямен байланыстыру және құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе қылмысты «ізін суытпай» ашу үшін «102» мобильді қосымшасы іске қосылды.
Ақпараттық технологиялардың қазіргі даму деңгейінде кез-келген ақпарат өте тез жылдамдығымен таратылады. Полицияның азаматтардың хабарламаларына жылдам кері байланыс болу үшін полиция қызметкерлеріне оқиғалар мен азаматтардың хабарламаларына жедел жауап беруге мүмкіндік беретін арнайы қызмет жасау идеясы пайда болды. Қосымшаның негізгі міндеті азаматтардың сеніміне ие болып, қазіргі заманғы технологиялар арқылы ішкі істер органдарының жүйесін құру болып табылады.
Ішкі істер министрлігінің "102" мобильді қосымшасы оқиға орнынан қысқа хабарлама, сондай-ақ фото мен видео жіберуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бейне қоңыраулар жасауға болады. Бұл ретте қоңырау шалушының орналасқан жері анықталады, ал ЖБО операторлары не болып жатқанын көре алады және дереу тиісті ден қою шараларын қабылдай алады.
Қосымша арқылы сыбайлас жемқорлық, полиция қызметкері тарапынан бопсалау фактісіне тап болған жағдайда ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік қызметіне де жүгінуге болады.
Осылайша, қосымшаның көмегімен және бірлескен күш-жігердің арқасында полицияның жедел әрекет етуі, қылмыстарды ашуда тиімділік күтіледі, көптеген құқық бұзушылықтардың алдын алуға болады.
Егер сіздің немесе біреудің қауіпсіздігіне қатер бар деп есептесеңіз, "102" қосымшасын мобильді құрылғыға жүктеп, әр түрлі құқық бұзушылықтар туралы дереу хабарлауларыңызды сұраймыз.