27 мамыр 2021 жыл, Павлодар — Ashyq «Менің Павлодарым» қолданбасынан орын алды. Өз статусыңызды білу үшін Google Play немесе App Store-дан Aitu қолданбасын жүктеп, тіркеуден өтсеңіз жеткілікті. Одан әрі «Қолданбалар» бөліміне өтіп, «Менің Павлодарым» салымын ашып, Ashyq сервисін пайдалана аласыз.

«Менің Павлодарым» мобильді қолданбасындағы Ashyq деректері санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ПТР-тесттер бірыңғай деректер базасымен кіріктірілген және пайдаланушы қоғамдық орындарға барған кезде оның вирус тарату ықтималдығының бар-жоғын анықтайды.

«Менің Павлодарым» — Павлодар облысы тұрғындарының мемлекеттік мекемелермен ыңғайлы өзара әрекеттесуіне арналған интернет-алаң, оның арқасында тұрғындар шағым жолдап, оның орындалуын қадағалай алады, әкімнің қабылдауына жазылып, қаланы жақсарту идеяларын ұсынып, сауалнамаларға қатысып, өз қаласының ең өзекті оқиғаларын біле алады.

Қазіргі кезде қолданбадан Ashyq сервисіндегі статусты тексеруге, проблема жайында хабарлауға немесе әкімдікке жүгінуге, қаланы жақсарту жөніндегі сауалнамаларға қатысып, өмірлік жағдайларға байланысты жауап алуға, волонтер атануға және қалалық сервистерді пайдалануға болады.

Сондай-ақ, «Қатысу бюджеті» жобасы шеңберінде қала инфрақұрылымын жақсартуға қатысты идеялар мен ұсыныстарға дауыс бере аласыз.

Сонымен бірге пайдаланушылардың қала жаңалықтарының топтамасын шолып, оқиғалардан, ТЖ-дан және апаттардан (112) хабардар болу және тіпті қызметтерге ақы төлеу мүмкіндігі бар. 

Көрсетілетін қызметтер спектрін көбірек қамту үшін жоба үнемі жаңартылып, пысықталып, түрлі бағыттар бойынша функционалмен кеңейтілетін болады.

Қазіргі сәтте қолданба Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларының тұрғындарына қолжетімді.

Жүктеу сілтемесі: https://i2.app.link/kEXSjzA6Ofb