11 жыл ішінде ЭКҰ бағдарламасымен (2010-2020) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Павлодар облысы үшін ТМККК бойынша ЭКҰ-ға 335 квота бөлді.
Квоталарды жылдар бойынша бөлу: 2010 - 5, 2011 - 18, 2012 - 30, 2013 - 27, 2014 - 27, 2015 - 36, 2016 - 34, 2017 - 38, 2018 - 36, 2019 - 38, 2020 - 46.
Павлодар облысының "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында ЭКҰ-ның тегін рәсімдеріне 1106 квота бөлінді: 2021 - 290, 2022 - 281, 2023 - 269, 2024 - 266.
2021 жылы ЭКҰ-ға 290 квота ауылдық жерлерге басым бөлінді. Барлық ерлі-зайыптылар бағдарламаны аяқтады, 112 жұп (38,6%) оң нәтиже алды.
2022 жылы 281 квота бөлінді, 100% жұп бағдарламаны аяқтады, 101 жұп оң нәтиже алды.
2023 жылы 269 квота, барлық жұптар бағдарламаны аяқтады, 103 жұп табысқа жетті.
"Аңсаған сәби" бағдарламасының үш жылында Павлодар облысында 272 бала, оның ішінде 3 егіз бала дүниеге келді.
2024 жылы 266 квота бөлінді, барлық жұптар ЭКҰ өту үшін ресімделді; оның ішінде 84 жұп оң нәтиже алды, қалғандары күтуде.