Дәрілік затты тендер өткізу әдісі арқылы сатып алуды хабарландыру

Дәрілік затты тендер өткізу әдісі арқылы сатып алуды   хабарландыру

Тендерді ұйымдастырушы: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-үй мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі "Өкпе ісігі" ауруы бойынша дәрілік затты сатып алу бойынша тендерді өткізу туралы жариялайды.

Сатып алынатын толық тізбесі, дәрілік заттарды сатып алынатын тауардың халықаралық патенттелмеген атауы, сатып алу көлемі, жеткізу орны, әр бір лот бойынша сатып алуға бөлінген сома тендерлік құжаттамада көрсетілген.

Жеткізу мерзімі мен шарттары – тендерлік құжаттаманың №1 қосымшасына сәйкес.

Тендерлік құжаттама пакетін 2023 жылғы 27 қаңтар 10 сағат 00 минут дейінгі мерзімде қоса алғанда, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-үй, № 415 кабинет мекенжайынан немесе depzdrav_pvl_gz@mail.ru мекенжайы бойынша электрондық пошта арқылы немесе depzdrav.gov.kz тапсырыс берушінің интернет-ресурсынан алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 6 ақпан жергілікті уақытпен 10 сағат 00 минут дейін.

Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2023 жылғы 6 ақпан жергілікті уақытпен 12 сағат 00 минут Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-үй, №415 кабинет мекенжайы бойынша ашылады.

Ықтимал өнім берушілер тендерлік өтінімдер бар конверттердің ашылуына қатыса алады.

Өкіл (ұйымдастырушы) Б.Е. Бакиров - мемлекеттік сатып алу бойынша бас маман, тел.: 8-7182-32-00-75; e-mail: www.depzdrav.gov.kz. Қосымша 1 .xls Қосымша 2 .xls Қосымша 3-9 .xls Тендерная каз.doc