"Жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және ерте жастағы балаларға патронаж жасаудың әмбебап-прогрессивті моделі" семинар-тренинг өтті.

"Жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және ерте жастағы балаларға патронаж жасаудың әмбебап-прогрессивті моделі" семинар-тренинг өтті.

2022 жылғы 19 шілде мен 21 шілде аралығында Ұлттық шебер тренердің және балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра қарау жөніндегі сарапшы ЮНИСЕФ ДДҰ консультанты Наманова Баян Наманқызының қатысуымен "Жүкті әйелдерге, жаңа туған нәрестелерге және ерте жастағы балаларға патронаж жасаудың әмбебап-прогрессивті моделі" тақырыбы бойынша үш күндік семинар-тренинг өтті.
Аталған семинар-тренингке облыстың АМСК ұйымдарының бас дәрігерлер патронаж қызметі бойынша аға медициналық бикелер қатысты. Семинар-тренинг барысында қатысушылар патронаждың әмбебап-прогрессивті моделін, оның негізгі қағидаттары мен әдістерін, сондай-ақ патронаждық бикенің жаңа рөлін талқылады.
Семинар тренингті "Саламатты Павлодар "Медициналық ассоциациясы"ҚБ ұйымдастырды және төледі.