Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешім жобасына баспасөз-релиз

Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешім жобасына пресс-релиз

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасымен Павлодар облыстық мәслихатының «Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы» шешім жобасы (бұдан әрі – Жоба) дайындалды.

Жоба Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес әзірленді.

Осы шешімді қабылдаудың мақсаты азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету болып табылады.

Жоба бұқаралық ақпарат құралдарында 2021 жылғы 18 наурызда  «Сарыарқа Самалы» және «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды және Басқарманың интернет-ресурсында орналастырылды.

Жоба «Ашық НҚА» порталында 2021 жылғы 19 наурыздан бастап 7 сәуірге дейін орналастырылды (сілтеме https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=7555946).