Павлодар өңірінде COVID-19-ға қарсы ревакцинация басталды

Павлодар өңірінде COVID-19-ға қарсы ревакцинация басталды

Павлодар өңірінде COVID-19-ға қарсы ревакцинация басталды

Павлодар облысында «Спутник V» препаратымен ерікті вакцинациялау науқаны 1 ақпанда басталды. 22 ақпанда вакцинаны алғандарға вакцинаның екінші компоненті енгізілді.

«Almaz Medical Group» ЖШС базасында препараттың екінші компонентін аймақ басшысының орынбасары Айзада Құрманова және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситказинов алды. Бірінші рет сияқты, вакцина алғанға дейін олар тексеруден өтті: дәрігерлер ешқандай қарсы көрсетілімдерді анықтаған жоқ. Процедурадан кейін 30 минут ішінде еріктілер дәрігерлердің бақылауында болды.

- Алдымен еріктілерге «Гам-КОВИД-Вак» препаратының бірінші компоненті енгізілді, 21 тәуліктен кейін олар вакцинаның екінші компонентін алуы тиіс, - деп атап өтті өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситказинов. - Осыдан кейін COVID-19-ға тұрақты иммунитет қалыптасады. Қолданылатын препараттың екі түрлі компонентін араластыруға болмайды, олар 21 күндік аралықпен енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының директоры Нұрлан Қасымов, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Дощанова және өңірлік кардиологиялық орталықтың басшысы Әділжан Альбазаров коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан алғашқылардың бірі болып өтті.

«Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V) препараты партиясының екінші компоненті Ғ. Сұлтанов ат. облыстық аурухананың орталық қоймасына 1200 дозада өткен демалыс күндері жеткізілді.