COVID-19 вакцинасының алғашқы партиясы Павлодар облысына келіп түсті
"Гам-КОВИД-Вак" (Спутник V) препаратының 1 200 дозасы Ғ.Сұлтанов атыңдағы Павлодар облыстық аурухананың қоймасына жеткізілді..
Денсаулық сақтау министрлігінің таратуы бойынша Павлодар облысына COVID-19-ға қарсы вакцинаның 80000 дозасы бөлінді. Препараттың алғашқы партиясы - 1000 доза-31 қаңтарда аймаққа жеткізіліп, Ғ.Сұлтанов атыңдағы Павлодар облыстық аурухананың қоймасында сақтауға қалтырылды. Ғ.Сұлтанов атыңдағы Павлодар облыстық аурухананың көлемі 2,2 текше метр мұздатқыштармен жабдықталған. Жақын арада қойма 1,2 текше метр болатын тағы үш арнайы мұздатқышпен жабдықталады. Қажет болған жағдайда медицина қызметкерлері Облыстық қан орталығының қоймасын іске қосады, онда 0,48 текше метр мұздатқыш орнатылған.
Жергілікті жерлерде вакцинациялау үшін қалалар мен аудандардағы 31 емханаға препарат термоконтейнерлерге жеткізілетін болады. Вакцинацияны алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек ұйымдарының базасында 107 егу кабинетінде жүргізетін болады. Сапалы егу науқанын өткізу үшін 1125 медицина қызметкері дайындық курсынан өтті. Вакцинация ерікті негізінде жүргізіледі.