Павлодар облысында COVID-19-ға қарсы вакциналау басталды

Павлодар облысында COVID-19-ға қарсы вакциналау басталды

Павлодар облысында COVID-19-ға қарсы вакциналау басталды

Вакцинаны алғашқылардың бірі болып облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов алды.

Алғашқы еріктілер вакцинаны тіркелген жері бойынша «Almaz Medical Group» ЖШС емханасында салдырды. Алдымен олар тексеруден өтті - дәрігерлер ешқандай медициналық қарсы көрсетілімдер анықтаған жоқ. Процедурадан кейін 30 минут ішінде еріктілер дәрігерлердің бақылауында болды.

- Менің қан қысымым өлшеніп, сатурация тексерілді. Мен өз денсаулығыма сенімді болу үшін вакцинаны өз еркіммен алуға шешім қабылдадым, - деп бөлісті журналистермен Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова.

Сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Нұрлан Қасымов, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзагүл Досжанова және өңірлік кардиологиялық орталықтың басшысы Әділжан Әлбазаров коронавирус инфекциясына қарсы вакциналаудан алғашқылардың бірі болып өтті.

- Алдымен еріктілерге «Гам-КОВИД-Вак» препаратының бірінші компоненті енгізілді, 21 тәуліктен кейін олар екінші компонентпен екпе алуы тиіс, содан кейін COVID-19-ға төзімді иммунитет қалыптасатын болады. Қолданылатын препараттың екі түрлі компонентін араластыруға болмайды, сондықтан біз оларды әртүрлі кабинеттерде қоюға шешім қабылдадық,- деп атап өтті өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов.

«Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V) препаратының 1200 дозадан тұратын алғашқы партиясы Павлодарға кеше жеткізілді. Оны екі апта ішінде қолдану жоспарланып отыр. COVID-19-ға қарсы вакцинаны ерікті негізде алдымен медицина қызметкерлері алады. Өңір тұрғындарын жаппай вакциналау Павлодар облысына вакцинаның жеткізілуіне байланысты кезең-кезеңімен жүргізілетін болады