
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 26 маусымда сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін Павлодар қаласындағы «Ertis Promenade» орталық жағалауында «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» өтеді.
Азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік және медициналық көмек, жұмысқа орналасу және білім беру қызметтері, кәсіпкерлік қызмет және т.б. салалар бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алады.
Денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтарға:
Омарова Анар Ғабдынасырқызы, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары
Абылхасан Айгүл Жеңісқызы, Павлодар қаласының № 5 емханасы бас дәрігерінің орынбасары жауап береді.