Денсаулық сақтау саласында
мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі
2025 жылғы есеп
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес денсаулық сақтау саласында 19 мемлекеттік қызмет көзделген, оның ішінде 3 қызмет толық автоматтандырылған және eGov.kz. портал арқылы көрсетіледі.
Қалған 16 мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары көрсетеді, оның ішінде 15 қызмет баламалы нысанда (электрондық және қағаз түрінде), 1 қызмет тек қағаз түрінде көрсетіледі.
2025 жылы 9 403 701 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың ішінде:
- медициналық ақпараттық жүйелер арқылы 9 298 000 қызмет;
- eGov.kz портал арқылы 105 701 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтердің негізгі көлемі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына (11 мемлекеттік қызмет) тиесілі. Мемлекеттік қызметтер бөлінісінде:
«Дәрігердің қабылдауына жазылу» қызметі - 6 987 691 көрсетілген қызмет, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы 6 971 530, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы – 16 161 ең үлкен үлес салмағын алады.
Дәрігерді үйге шақыру – 16 5041, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы – 164 854. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы-187.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу – 95300, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы – 87 864, АЖ– 7436 арқылы.
Азаматтардыңжекелегенсанаттарынадәрілікзаттарды,мамандандырылғанемдікөнімдерді,медициналықмақсаттағыбұйымдарды беру-879825.
Алғашқымедициналық-санитарлықкөмек көрсететін медициналықұйымнананықтамаберу -190607.
Есепті кезеңде 27 578 адам алдын ала міндетті медициналық тексеруден өтті.
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндердің (тіннің бір бөлігінің) және (немесе) органдардың (органдардың бір бөлігінің) өмір бойы ерікті түрде берілуіне келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу - 863. Ауруханаға жатқызу бюросының порталы арқылы пациенттерге стационарға жатқызуға 110 029 жолдама берілді.
Көлікқұралынбасқаруғарұқсат беру туралы3786анықтамаберу.
Санаторий-курорттықемделугеқажеттіліктуралы6967қорытындыберілді.
Денсаулық сақтау жүйесінің бірнеше деңгейінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер (МСАК, стационарлар және диспансерлер): еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру 289 962, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру 212 169.
1мемлекеттікқызметтіоблысстационарлары көрсетеді:стационарлықнауқастыңмедициналықкартасынанүзінді(2025жылы152568үзіндіберілді).
1 Мемлекеттік қызмет жедел медициналық көмекпен және МСАК-пен көрсетіледі (жеделдігінің 4 санаты бойынша): жедел медициналық көмекті шақыру – 280 689.
Медициналық колледж денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттарды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетті - 626 қызметтер eGov.kz. портал арқылы көрсетілді.
Бақылау және ақпараттық - түсіндіру жұмысы шеңберінде 4 бақылау іс-шарасы өткізілді, оның қорытындысы бойынша медициналық ұйымдарға 16 ұсыныс берілді, 1 тәртіптік жаза шығарылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғалар саны – 85.
Облыстың ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдары халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді: 203 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.