Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!
Халықтың өтініштеріне жедел әрекет ету мен ақпарат алу үдерісін жеңілдету мақсатында Павлодар облысында денсаулық сақтау саласы бойынша бірыңғай Call-орталық өз жұмысын бастады.
Call-орталық тәулік бойы келесі нөмірлер арқылы жұмыс істейді:
📞 +7 702 075 79 68
📞 +7 7182 76 40 88
Орталық заманауи цифрлық жүйемен жабдықталған және жасанды интеллект технологияларын қолданады, бұл тұрғындардың өтініштері мен сұрақтарын жедел әрі тиімді қарауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы халықпен кері байланыстың тиімді платформасы енгізілуіне байланысты WhatsApp-нөмірі +7 705 447 50 52 енді қызмет көрсетпейтінін хабарлайды.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы