Ерте жастағы балаларды бақылаудың жаңа моделі аясында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында қазіргі уақытта – 16 Ерте дамыту және араласу орталығы жұмыс істейді (ШЖҚ «Павлодар қаласының №3 емханасы»КМК, ШЖҚ «Павлодар қаласының № 5 емханасы» КМК, ШЖҚ «Екібастұз қаласының № 2 емханасы» КМК, ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК, ШЖҚ «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» КМК, ШЖҚ «Павлодар аудандық емханасы» КМК, ШЖҚ «Ертіс аудандық емханасы» КМК, ШЖҚ «Ақтоғай аудандық ауруханасы» КМК, ШЖҚ «Май аудандық ауруханасы» КМК, ШЖҚ «Успен аудандық ауруханасы» КМК, ШЖҚ «Железин аудандық ауруханасы» КМК, ШЖҚ «Шарбақты аудандық ауруханасы» КМК, «Viamedis Pavldar» ЖШС, «Almaz Medical Group» ЖШС, «Poliklinika №1» ЖШС, «Дисконт» ПК). Балаларды ерте дамыту орталығының негізгі мақсаты – медициналық және әлеуметтік қауіптерді дер кезінде анықтау және азайту.Орталық мамандары баланың дамуын бағалап, ерте араласу қажеттілігін анықтайды. Одан кейін жұмыс жоспарын құрайды. Бұл тәсіл ақаулықтың айқын белгілерін ерте кезеңде анықтап,уақтылы белсенді әрекет етуге мүмкіндік береді.Мұнда олар жүкті әйелдер мен бес жасқа дейінгі балаларға арналған әмбебап прогрессивті үй күтімін қадағалауды, физикалық және жүйке-психикалық дамуын скринингті, оның ішінде аудиологиялық және психофизикалық скринингті қамтамасыз етеді және модификацияланған M-CHAT-R тесті арқылы аутизмнің ерте белгілерін анықтайды. Сонда-ақ патронаждық кабинет, балаларды дамыту кабинеті (бұдан әрі - БДК) және ресурстық орталық бар.Әлеуметтік жағынан осал отбасылар мен дамуында кемістігі бар балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Көп салалы мамандар тобын тарта отырып, жеке мониторинг және қолдау жоспарлары әзірленеді.Бүгінгі күні Орталық мамандары шамамен 3904 қызмет көрсетті, оның ішінде БДКК – 208, скрининг – 992, консультант дәрігер –1344, патонаждық қызмет – 1248, ресурстық орталық – 112. Жақын арада тағы бес ерте даму және араласу орталығы ашылатын болады.