Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгуль Макановна Мукушева «Ирбис» телеарнасындағы «Интересно знать» телебағдарламасына қатысты

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгуль Макановна Мукушева «Ирбис» телеарнасындағы «Интересно знать» телебағдарламасына қатысты

 

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгуль Макановна Мукушева «Ирбис» телеарнасындағы «Интересно знать» телебағдарламасына қатысты.

Эфир барысында медицина саласының жағдайы мен дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қозғалды.Павлодар облысында 2024-2025 жылдарға арналған «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аяқталуда. Оның аясында облыста медициналық нысандар салынуда, 9 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлануда, медициналық қызмет көрсетуді цифрландыру жұмыстары жүргізілуде.Өңірде бұрын жасалмаған жоғары технологиялық операциялар жүргізілуде. Мұндай қызметтер облыс медицина мамандарының үздіксіз оқуы мен біліктілігін арттырудың арқасында қолжетімді болды.Аурулардың алдын алу және халықтың денсаулығын нығайту тақырыбы да көтерілді. Айгуль Мукушева 15 қыркүйек күні елімізде тұмауға қарсы егу науқаны басталатынын айтып, вакцинамен ауруды алдын алуға болатынын атап өтті.Сонымен қатар, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында медициналық ұйымдарда «Осында және қазір» қағидаты бойынша жұмыс істейтін пациенттерді қолдау қызметтері бар екенін еске салды.Денсаулық сақтау басқармасында азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында фронт-офис, байланыс орталығы және WhatsApp нөмірі тәулік бойы жұмыс істейді.