Байқау кеңесіне мүшелеріне конкурс

Байқау кеңесіне мүшелеріне конкурс

 

«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі, 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, анықтама үшін телефон (87182) 32-01-77, электрондық пошта: kense.dz@pavlodar.gov.kz Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнынның байқау кеңесіне мүшелеріне конкурс жариялайды.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000. Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 59, т.е.б. 63, телефоны  555734.

         Кәсіпорын әрекетінің мәні денсаулық сақтау салада қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

Кәсіпорынның мақсаты Павлодар облысының балалар халқына заңда белгіленген тәртіппен берілген және бекітілген медициналық қызмет түрлеріне сәйкес білікті медициналық оңалту көмегін (қалпына келтіру емі және медициналық оңалту) көрсету болып табылады.

Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар:

1) денсаулық сақтау саласындағы немесе ұйымның және (немесе) экономика / қаржы және (немесе) кәсіпкерлік және (немесе) заңнама саласында кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;

2) денсаулық сақтау немесе ұйымдастыру және (немесе) экономика / қаржы және (немесе) кәсіпкерлік және (немесе) басқарушылық лауазымға құқығы кемінде 3 жыл бойынша тәжірибе;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) кәсіпкерлік және (немесе) құқықтар саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік;

Байқау кеңесінің мүшесі ретінде келесі тұлғалар сайлана алмайды:

1)Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотталу мерзімі аяқталмағандар;

2)банкрот деп танылғандығы туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан астам уақыт заңды тұлға басшысы болған;

           3)бұрын  сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшелерімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық байланыста болғандар.

 

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін өтініштер мен құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; еркін түрде жазылған өмірбаян; жоғары білім туралы құжат көшірмесі; үміткердің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі; еңбек кітапшасының не еңбек шартының көшірмесі (бар болған жағдайда); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы  есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшесімен берілген сотталғандығы және жемқорлық қылмыс жасалмағанын растайтын құжаттар.

Конкурс қатысушысы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттырғаны, ғылыми дәреже және атақ берілгені, ғылыми басылым туралы, алдыңғы жұмыс орнының басшысынан ұсыныстар) қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.

         Құжаттар келесі мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар қ., Астана көшесі, 59 - Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы,  тел. 320177 «Облыстық денсаулық сақтау басқармасының құқықтық жұмыс және медициналық ұйымдардың құқықтық қызметіне мониторинг бөлімі», конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде және хабарландыру жарияланғаннан кейін аяқталады.

Конкурс Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, мекенжайы бойынша Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасында, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кейін өткізеледі.