«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына 2023 жылғы 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

 

«Агломерация» ұғымын айқындайтын заңның 1-бабының 1-1) тармақшасы алынып тасталды.

Ведомстволық бағынысты облыс аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы облыстар әкімдіктерінің құзыретін белгілейтін 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) және 17-12) тармақшалармен толықтырылды:

«14-1) агломерация аумағындағы жер учаскелерінің бөлінуі және нысаналы мақсаттарының өзгеруі жөніндегі ай сайынғы есептерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;»;

«17-12) қала маңындағы аймақта орналасқан елді мекеннің бас жоспарының жобасын астананың немесе республикалық маңызы бар қалалардың әкімдігіне келісуге енгізу;»;

 

3) 25-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылды:

«1-2. Астана, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қала маңындағы аймақ шегінде жүзеге асырылатын қала құрылысы қызметі саласындағы құзыретіне:

1) қала маңындағы аймақтың аумағында қолданылатын мемлекеттік қала құрылысы саясатын тұжырымдауға қатысу;

2) қала маңындағы аймақта орналасқан елді мекеннің бас жоспарының жобасын әзірлеуге қатысу;

3) қала маңындағы аймақта орналасқан елді мекеннің бас жоспарының жобасын:

елді мекен халқының жобалық санын айқындау;

халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

халықты ауызсу көздерімен және электр энергиясымен қамтамасыз ету бөлігінде келісу жатады.»;

 

4) 26-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылды:

«14-1) агломерация аумағындағы жер учаскелерінің бөлінуі және нысаналы мақсаттарының өзгеруі жөніндегі ай сайынғы есептерді облыс әкімдігіне ұсыну;»;

 

5) 43-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылды:

«Агломерацияларды аумақтық дамытудың өңіраралық схемалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірленеді және жергілікті агломерациялар кеңестерімен келісілуге жатады.».