Павлодар облысында жеке меншік құрылыс компанияларын бақылау күшейтіледі

Павлодар облысында жеке меншік құрылыс компанияларын бақылау күшейтіледі
Павлодар облысында жеке меншік құрылыс компанияларын бақылау күшейтіледі
 
Облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов осындай тапсырма берді. Әкім Павлодар облысының аумағындағы барлық жеке құрылыс салушылар туралы ақпарат халық үшін барынша ашық және қолжетімді болуын талап етті.
 
Өңірдегі елді мекендер құрылысының жағдайы туралы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Әбдірахманов баяндады. Ол нақты жоспарлау жобаларымен (НЖЖ) қамтамасыз ету төмен деңгейде қалып отырғанын атап өтті. 
 
- Бұл құрылыс желілерін құрылуның сақталмауына әкеп соғады, - деді спикер. - Нәтижесінде қоршаған ауданның қажеттіліктері ескерілмейтін бейберекет нүктелі құрылыс белең алып барады.
 
Жұмыс кездесуі барысында үлестік құрылыс саласындағы проблемалар да айтылды. Жеке құрылыс салушылар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңын айналып өтіп, өздері салып жатқаан үйлерді броньдау шарты бойынша сату тәжірибесін қолданады. Бұл ретте үлескерлердің қаражаты көлеңкелі айналымда қалады және олардың өздеріне тиесілі шаршы метрлерін алатынына ешқандай кепілдік жоқ.
 
Әбілқайыр Сқақов Павлодар әкіміне нарықтағы жеке құрылыс компанияларымен құрылыс ережелерін сақтау бойынша кеңес өткізуді тапсырды. Оның пікірінше, жеке меншік құрылыс салу барысында басқа ғимараттар мен тұрғын үйлердің меншік иелерінің, жаяу жүргіншілер мен көлік иелерінің мүдделеріне қысым жасалмауы тиіс. Сондай-ақ, өңір басшысы қалалар мен аудандар әкімдіктерінің өздерінің интернет-порталдарында тұрғын үйлер салу жөніндегі жобалар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуін талап етті. 
 
- Мемлекеттік органдардың сайттарында әрбір жеке құрылыс салушы мен оның жобасы туралы егжей-тегжейлі ақпарат болуы тиіс, - деді облыс әкімі. - Үлестік құрылыстың әлеуетті қатысушысы құрылыс салушының рұқсат құжаттары мен жобалау-сметалық құжаттамасы бар екенін көруі тиіс. 
 
Әбілқайыр Сқақов қандай да бір құрылысшылардың теріс пиғылынан адамдар зардап шекпеуі тиіс екенін еске салып, барлық жеке құрылыстарды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, өңір басшысы әрбір құрылыс жобасын мұқият зерделеп, оның кешенді құрылыс принциптеріне сәйкестігін қарауды талап етті. 
 
Сонымен қатар, қалаларда көппәтерлі тұрғын үйлер, әлеуметтік объектілер мен инфрақұрылымдық жобалар салудың жүйелі тәсілін енгізу үшін нақты жоспарлау жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет. Жобаларды кешенді байланыстыру негізгі жоспарлау параметрлерін және құрылыс желілерін, инженерлік және магистральдық дәліздерді, көше орамдарын салуды қамтамасыз етуге қажетті талаптарды айқындауға мүмкіндік береді.
 
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі 
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев