«Берекелі бастама» бағдарламасына келесіде Павлодар қаласы қосылады

«Берекелі бастама» бағдарламасына келесіде Павлодар қаласы қосылады

Порталда budget-uchastiya.kz облыс орталығын жақсарту бойынша Павлодарлықтардың идеялары мен ұсыныстарын жинау ағымдағы жылдың 8 маусымына дейін жалғасады, ал 11 маусымнан бастап ең өзекті және қызықты жобаларға дауыс беру басталады.

Бұл туралы 8 сәуірде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Берекелі бастама – қалалық бастама» бағдарламасын жүзеге асыруға және ел қалаларын дамыту жоспарларына арналған дөңгелек үстел жиыны барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді.    

Қауымдастық төрағасы Ерлан Әукеновтың айтуынша, қазіргі уақытта бағдарламаға еліміздегі өзге де қалаларды қосу жұмыстары жүргізілуде. Ақтау, Атырау және Павлодардан кейін тізімде Шымкент, Рудный, Ақсу және Хромтау тұр.   

«Кез-келген адам сайтқа кіріп, есептік жазбасын толтырып, қаланы таңдап, өз идеясын ұсына алады. Бастамалар қала дамуының кез келген саласына қатысты болуы мүмкін, яғни жол қозғалысын ұйымдастыру, аулаларды, саябақтарды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, көшелерді абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын салу және т.б. Белгіленген күннен кейін ұсыныстарды жинау тоқтатылып, жобаларға дауыс беріледі. Қалалар бағдарламаға түрлі уақытта қосылатындықтан, идеяларды қабылдау және дауыс беру мерзімі де әртүрлі. Ең көп дауыс жинаған жобалар іске асыру үшін тиісті органдарға жіберіледі»,-дейді урбанист.

Естеріңізге сала кетейік, «Берекелі бастама – қалалық бастама» бағдарламасы биыл қаңтар айында Мемлекет басшысының Үкімет алдына қойған халыққа ыңғайлы қалалық кеңістік құру және өңірлерді дамыту туралы міндетін іске асыру аясында қолға алынды.  

Өңірлердің инфрақұрылымын жаңғырту және қалаларды жоспарлауды трансформациялау урбанист-мамандар мен халық пікірін ескере отырып атқарылатынын жариялады. 

Әрбір азамат өз қаласын дамытуға қатыса алуы үшін халық пен мемлекет арасындағы диалогқа баса назар аударымыз керек. Дәл осы мақсатта «Берекелі бастама» порталын іске қосылады.

Қалаларды өзгерту бойынша түпкілікті шешімдер халықтық дауыс беру қорытындылары бойынша қабылданатын болады.