Павлодар облысында қала құрылысы саясатын іске асыру туралы аппараттық кеңесте Павлодар облысы cәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Қайырбекұлы Әбдірахманов сөз сөйледі

Павлодар облысында қала құрылысы саясатын іске асыру туралы аппараттық кеңесте Павлодар облысы cәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Қайырбекұлы Әбдірахманов сөз сөйледі

Павлодар облысында қала құрылысы саясатын іске асыру туралы аппараттық кеңесте Павлодар облысы cәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Қайырбекұлы Әбдірахманов сөз сөйледі.
Ағымдағы жылдың 9 айында басқарма қызметінің негізгі бағыттары айтылды.
Мәселен, бүгінгі күні елді мекендердің қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз етілуі 358 елді мекеннің 97% – ын немесе 348 елді мекенді құрайды, қалған 3% – ы таратылуға жатады, Май ауданы-3, Баянауыл ауданы-7 АЕМ.
Ағымдағы жылы Екібастұз қаласының бас жоспарын 2022 жылы аяқтау мерзімімен түзету бойынша жұмыс басталды. Келесі жылы жоспарлаудың нормативтік мерзімдерінің аяқталуына байланысты Ақсу қаласының бас жоспарын түзету бойынша жұмыс жоспарланған.
Сондай-ақ, басқарма басшысы облыстың геоақпараттық жүйесін цифрландыру саласындағы мәселелерді айтты.
Ағымдағы жылдың 9 айында Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының бас жоспарларымен Павлодар облысының геопорталын цифрландыру және толтыру көрсеткіші 100% - ға дейін жеткізілді.
Павлодар қаласының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын цифрлық деректермен қамтамасыз ету 63% - ға дейін жеткізілді. Ақсу және Екібастұз қалаларының ИКИ деректерін цифрландыру көрсеткіші 12,7% және 9,8% - ды құрайды.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі қалалар мен аудандар әкімдеріне алдағы бір жарым жылда егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын аяқтау және бекіту жөнінде және Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы инженерлік желілерді жедел түгендеу қажеттігі туралы тиісті тапсырмалар берді.