"Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру", "үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтері Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген Діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Қағидаларда Мемлекеттік қызмет көрсетудің талаптары мен тәртібі сипатталады.
Мемлекеттік қызметтерді "Павлодар облысының дін істері басқармасы" ММ (бұдан әрі - дін басқармасы) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы"ММ-мен келісім бойынша көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-бабының 5-2-тармағына сәйкес ғибадат үйін (ғимаратын) салу үшін жер учаскесін беру оны салу туралы облыстың ЖАО шешімі, яғни дін басқармасы берген шешім болған кезде жүргізіледі.