2021 жылғы 3 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында геопортал әзірлеушілері «KAZGISA» ЖШС сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы С.Қ. Әбдірахмановпен Павлодар облысында геоақпараттық портал жүйесін енгізу бойынша мәселелерді талқылады

2021 жылғы 3 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында геопортал әзірлеушілері «KAZGISA» ЖШС сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы С.Қ. Әбдірахмановпен Павлодар облысында геоақпараттық портал жүйесін енгізу бойынша мәселелерді талқылады

2021 жылғы 3 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында геопортал әзірлеушілері «KAZGISA» ЖШС сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы С.Қ. Әбдірахмановпен Павлодар облысында геоақпараттық портал жүйесін енгізу бойынша мәселелерді талқылады.

Геоақпараттық портал нені білдіреді? Геоақпараттық портал – бұл қалалардың, аудандардың және ауылдық округтердің шекараларын көрсетумен, қалалардың бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, ауылдық елді мекендердің даму және құрылыс салу схемаларын байланыстырумен және жариялаумен пайдалы және өзекті картографиялық ақпараты бар заманауи көп функционалды веб-портал.

Портал жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер үшін де, халық үшін де қолайлы.

Сондай-ақ, геопорталдың көмегімен сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары саласындағы 8 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бір терезе қағидасы арқылы өтініш беруге және нәтижесін алуға болады:

  • 1) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;
  • 2) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту;
  • 3) Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
  • 4) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру;
  • 5) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  • 6) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  • 7) Сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  • 8) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

Геопорталға қолжеткізу стандартты веб-браузер арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа, кездесуде мемлекеттік қызметті көрсету барыстарын одан әрі жетілдіруге байланысты проблемалық мәселелер қозғалғанын, атап айтқанда геопорталды мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (МЖК ААЖ), жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (ЖТ МДҚ), заңды тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (ЗТ МДҚ) мемлекеттік ақпараттық жүйелерімен біріктіру қажет екенін атап өткен жөн.

ХҚКО тарапынан халыққа геопортал арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша кеңес беруге жәрдемдесу бөлігінде қолдау көрсету мәселесін де шешу қажет.

Бүгінгі күні порталдың дайындығы 83,6 %-ды құрайды.