«Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау» қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 Бұйрығы), Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына (пошта индексі 140000, Павлодар қ., Астана к-сі 61, 3 қабат 305 кабинет,тел: 8(7182)32-22-26, ал. мекен-жайы: kense.dsh@pavlodar.gov.kz), 2025 жылғы көктемгі-дала жұмыстары бойынша облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі операторды іріктеу конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдануда.
Өтінімдер басқарманың электрондық сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қабылданады.
Әлеуетті оператордың бірінші басшысы не уәкілетті тұлға өкілеттігін растайтын тиісті құжаттың негізінде қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар Басқарма кеңсесі арқылы қолма-қол USB жинақтауышта (флэште) электрондық түрде немесе кеңсенің электрондық мекенжайына электрондық түрде ұсынылады.
2025 жылғы көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге Павлодар облысына 27,6 мың тонна (наурыз – 6,9 мың тонна, сәуір – 12,4 мың тонна, мамыр – 8,3 мың тонна) арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Операторлық қызметтерсіз арзандатылған дизель отынының 1 тоннасының құны 276 256 теңге/тоннаны немесе 232 теңге/литрді құрайды.
Дизель отынын ресурс ұстаушыдан өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті операторы мен өндірушісі мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім);
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасы көрсетілген баға ұсынысы;
3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар, (бар болса) өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;
7) мұнай өнімдері немесе резервуар базасына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері немесе резервуар базасын жалдау шартының көшірмесі;
8) мұнай өнімдері немесе резервуар базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):
мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:
мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспортының көшірмесі;
цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін таразының болуы;
"Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;
9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;
10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасушы) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
11) мұнай базаларының орналасу схемасы.
12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулін қолдану туралы растау.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 10), 11) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші ресурс ұстаушыдан дизель отынын сатып алу туралы шешімді өз бетінше қабылдаған кезде талап етілмейді.
Арзандатылған дизель отынын жеткізу операторын айқындау жөніндегі комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.