
Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы тыңайтқыштар сатушылар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына Индустриялық даму комитеті қалыптастырған «Тыңайтқыштарды өндірушілер, жеткізушілер және шетелдік өндірушілер және олар өндіретін (өткізетін) өнімдер тізбесін» орналастырады.
Әкімдіктің қаулысымен жыл сайын бекітілетін тыңайтқыштарға арналған субсидиялардың тізбесі мен нормалары сатушылардың және олар өндіретін (өткізетін) тыңайтқыштардың жоғарыда көрсетілген тізбеде болуы негізінде қалыптастырылатынын хабарлаймыз (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 4-тарауының 1-параграфының 64-тармағы).
Тыңайтқыштарды сатушылар ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей Ауыл шаруашылығы басқармасына 2024 жылға арналған тыңайтқыштардың тиісті түрлеріне баға ұсыныстарын (прайс-парақтарды) (тыңайтқыштардың толық атауын, әсер етуші заттардың құрамын және ҚҚС есептемегенде құнын қоса алғанда) ұсынуы қажет екенін қосымша хабарлаймыз.
2023 жылғы 1 қарашадан кейін жіберілген прайс-парақтардағы тыңайтқыштар тізбеге енгізілмейді.
Егер тыңайтқыштар бірнеше облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне сатылатын болса, прайс-парақтарды әр облыстың ауыл шаруашылығы басқармаларына (жер учаскелері орналасқан жер бойынша) жіберу қажет.
Тыңайтқыштар берушілердің және олар өткізетін өнімдердің тізбесі
Тыңайтқыштар өндірушілердің және олар өндіретін өнімдердің тізбесі