Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы М.Қ. Ақтаевтың басшылығымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау мәселесі бойынша кеңес өткізілді.
Кеңеске Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары - Төлеутаев С. С.
“Қ.Сәтбаев атындағы канал “Қазсушар" РМК Павлодар пайдалану басқармасының бастығы - Егер В. Ф.
"Қазсушар" РМК ҚБ пайдалану бөлімінің бастығы - Әбу Д.К.
және "Адис" ЖШС директоры - Симамбаев А.Ш.
Кеңес барысында суармалы егіншілік мәселелері, субсидиялаудың жетілдірілген жүйесін шешу жолдары: мемлекеттік қолдау шараларын, шағын және орта шаруашылықтарға ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Қатысушыларға су жеткізуді субсидиялау шарттары бойынша түсініктемелер берілді.