"Ауыл аманаты"микрокредит беру бағдарламасын түсіндіру мақсатында қандастармен және қоныс аударушылармен кездесу өтті

"Ауыл аманаты"микрокредит беру бағдарламасын түсіндіру мақсатында қандастармен және қоныс аударушылармен кездесу өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 13 ақпан күні ауыл шаруашылығы басқармасының алаңында жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, жер қатынастары басқармалары өкілдерінің қатысуымен «Ауыл аманаты» шағын несие беру бағдарламасын түсіндіру мақсатында қандастармен және қоныс аударушылармен кездесу өтті.

Кездесу сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында басқарма спикерлері іске асырылып жатқан бағдарламаға, бизнесті дамытуға және жер учаскелерін алуға гранттар алу мүмкіндігіне, 35 жасқа дейінгі жастар үшін жеңілдетілген шағын несиелендіруге және т. б. қатысты сұрақтарға жауап берді.