Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары!

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Павлодар қаласында 2023 жылғы 11 ақпан күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайы бойынша өткізу жоспарлануда.

Жәрмеңкеге Тереңкөл, Павлодар, Аққулы, Успен аудандары мен Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.

Шикі сүт Успен ауданының «Галицкое» ЖШС, Павлодар ауданының «Карандашов» ЖК сүт тасымалдаушыларынан қамтамасыз етіледі.

Тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары «Павлодар Құс» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС 36 мың данадан қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы:
жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг (қазы-2500 теңге/кг, жая-2500 теңге/кг, төс еті - 2300 теңге / кг, антрекот-2300 теңге/кг), сиыр еті-1900-2100 теңге/кг (жұмсақ еті -2100 теңге/кг, антрекот - 1900 теңге/кг, қабырға - 1700 теңге/кг, төс еті - 1900 теңге/кг), қой еті-1900-2100 теңге/кг (алдыңғы бөлігі-1900 теңге/кг, артқы бөлігі - 2100 теңге/кг), шикі сүт – литріне 190 теңге, 1-санаттағы жұмыртқа - 420-450 теңге/ондық, жаңа егіннің балы-2300 теңге/кг, тазартылмаған күнбағыс майы - 700-780 теңге/л, жоғары сұрыпты ұн-200 теңге/кг, картоп, сәбіз - 95 теңге/кг, қырыққабат - 95 теңге/кг.