Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары!

Бүгін Торговая көшесі, 2а мекенжайы бойынша орналасқан «Jailau» фермерлік базарында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде.

Өз өнімдерін Ақтоғай, Железин, Ертіс, Шарбақты аудандары мен Павлодар қалаласының тауар өндірушілері ұсынады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы:

жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг (қазы-2500 теңге/кг, жая-2500 теңге / кг, төс еті-2300 теңге / кг, антрекот-2300 теңге/кг), сиыр еті-1900-2100 теңге / кг (жұмсақ еті -2100 теңге/кг, антрекот -1900 теңге/кг, қабырға-1700 теңге/ кг, төс еті-1900 теңге/кг), қой еті - 1900-2100 теңге/кг (алдыңғы бөлігі - 1900 теңге / кг, артқы бөлігі - 2100 теңге/кг), шикі сүт – литріне 190 теңге, 1-санаттағы жұмыртқа - 440-450 теңге/ондыққа бастап, жаңа егін балы - 2300 теңге/кг, тазартылмаған күнбағыс майы -700-780 теңге/л, жоғары сұрыпты ұн - 200 теңге/кг, картоп, сәбіз - 95 теңге/кг, қырыққабат - 95 теңге/кг.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін №№ 1, 6, 7, 18 трамвайларымен фермерлер базарына дейін және кері қайту сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін тегін.

Келіңіздер! Күтеміз!