
Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы бойынша «ҚазАгроҚаржы» Акционерлік қоғамының Павлодар филиалына 4,5 миллиард теңге бөлінді.
Бағдарламаның шарттары: лизинг мерзімі – 10 жылға дейін; сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%; лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – 0%; негізгі борышты қайтару бойынша жеңілдікті кезең – 1 жыл.
Жеңілдікті бағдарлама шағын және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған, сондықтан бағдарлама бойынша бір техника лизинг алушыға - 205 миллион теңгеден аспайтын және бір лизинг алушыға үш бірліктен аспайтын лимит белгіленген. Техниканың бір лизинг алушысына қаржыландыру екі жылдық кезең ішінде бір реттен артық берілмейді. Техниканы лизинг алушыларды қаржыландыру револьверлік сипатта болады, қолданыстағы лизингті өтеуден түскен төлемдер техниканы лизинг алушылармен жаңа қаржы лизингі шарттарын жасасу үшін қайтадан жіберіледі.
Өтінімдерді қарау мерзімі 5-7 жұмыс күні.
Толық ақпаратты мына мекенжай бойынша ала аласыздар: Луговая көш., 16, 4-қабаттың сол жағы, тел.: 8 (7182) 77 00 66, 77 00 67.