Бүгін Павлодар қаласында дәстүрлі сенбілік ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде.
⠀
Сауда сағат 8:00-де басталды, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі Естай көшесінің бойында («Квазар» нарығына қарама-қарсы) өтіп жатыр.
⠀
Железин, Павлодар, Ертіс, Шарбақты аудандарының, сондай-ақ Павлодар және Ақсу қалаларының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынуда.
⠀
Әлеуметтік саудада қала тұрғындары еттің барлық түрлерін, сүт өнімдерін, жұмыртқа, көкөністерді, күнбағыс майын, шұжық өнімдерін, бал және т.б. нарықтық бағадан 15-20%-ға арзан бағамен сатып ала алады.
⠀
Баршаңызды ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз!