Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!

Аталған мемлекеттік мереке республикамыздың заманауи тарихында айрықша орынға ие. 1991 жылдың дәл осы күні алғашқы жалпыхалықтық сайлау қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Елбасы сайлаушылардың 98,7% даусына ие болды. Қазақстандықтардың мұндай ынтымақ-бірлігі мемлекетіміздің қарқынды дамуының мызғымас негізін қалады. Мұны тәуелсіздік жетістіктерінің тарихы айқын дәлелдейді.

Осы мереке күні сіздерге ашық аспан, құт-береке мен бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! Байтақ Отанымыз Қазақстан одан әрі көркейіп, гүлдене берсін!