Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары!

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу кестесіне сәйкес Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін 2021 жылғы 16 және 30 желтоқсанда облыстың 8 ауданының қатысуымен, Естай көшесінің бойында («Квазар» орталық базарына қарама-қарсы жерде) өткізу жоспарлануда.

Жәрмеңкеге Аққулы ауданының, Успен, Ақтоғай, Тереңкөл, Железин, Павлодар, Ертіс және Шарбақты аудандарының, сондай-ақ Ақсу және Павлодар қалаларының тауар өндірушілері қатысады.

Облыстың 4 ауданының қатысуымен жәрмеңкелер ағымдағы жылдың 4 және 25 желтоқсанында ұйымдастырылады.

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында жәрмеңкелер Железин, Павлодар, Ертіс және Шарбақты аудандарының (сиыр етін, жылқы етін, қой етін жеткізу), Ақсу қаласының (құс етін жеткізу) қатысуымен ұйымдастырылады, шикі сүтті Павлодар Шарбақты ауданы жеткізеді, картоп пен көкөністерді Железин, Павлодар аудандары, Ақсу қаласы ұсынады.

Ұсынылатын өнімдер қатарында - еттің барлық түрі, құс еті, шикі сүт, жұмыртқа, картоп, сәбіз, көкөністер, сүт өнімдері, өсімдік майы, бал және басқа да өнімдер әлеуметтік баға бойынша нарықтағыдан 15-20%-ға төмен.

Жәрмеңкеге барған кезде санитарлық нормаларды сақтаңыз – бетперде киіп, қолыңызды дезинфекциялық құралдармен тазартып, әлеуметтік қашықтық туралы ұмытпаңыздар.

Сіздерді ауылшаруашылық жәрмеңкелерде күтеміз!