Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары!

Бүгін Павлодар қаласында дәстүрлі сенбілік ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде.

Сауда сағат 8:00-де басталды, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі Естай көшесінің бойында («Квазар» нарығына қарама-қарсы) өтіп жатыр.

Аққулы, Тереңкөл, Ақтоғай, Успен аудандарының, сондай-ақ Павлодар және Ақсу қалаларының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынуда.

Әлеуметтік саудада қала тұрғындары еттің барлық түрлерін, сүт өнімдерін, жұмыртқа, көкөністерді, күнбағыс майын, шұжық өнімдерін, бал және т.б. нарықтық бағадан 15-20%-ға арзан бағамен сатып ала алады.

Баршаңызды ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз!