Ұлттық санақтың негізгі кезеңі аяқталуға жақын

Ұлттық санақтың негізгі кезеңі аяқталуға жақын

Ұлттық санақтың негізгі кезеңі аяқталуға жақын.
19 қазанға облысымыздың 480 мыңнан астам тұрғыны немесе облыс халқының 64,2%-ы санақ парақтарының шеңберінде қойылатын барлық сұрақтарға жауап берді.
Халықты толық қамтуды алты аудан Ақтоғай, Железин, Ертіс, Аққулы, Май, Успен аудандары қамтамасыз етті. Қалған аудандарда жұмыстар аяқталуға жақын.
Қалалық аумақтар бойынша қарқындар біршама төмен. Ақсу қаласы бойынша - 66%-ы санақпен қамтылды, Павлодар және Екібастұз қалаларында - халықтың 50%-дан астамы қамтылды.
Онлайн-форматта санақтан дербес өтпеген халықты қамту үшін статистика органдары өкілдерінің – интервьюерлердің әр үйді аралауы ұйымдастырылды.
Облыс бойынша санақ персоналының штаты 800-ден астам адамды құрайды.
Павлодар және Екібастұз қалаларының интервьюерлері тегін жол жүрумен және кешкі уақытта жергілікті полицияның алып жүруімен қамтамасыз етілген.
Жалғыз тұратын зейнеткерлермен және мүгедектермен жұмысты Жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері жүргізеді.
Осы шаралардың барлығы тек демалыс күндерінде 42,2 мыңға жуық тұрғынды санақпен қамтуға мүмкіндік берді.
Павлодар облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаменті халықтың белсенділіктері үшін алғыс білдіреді
және 10 жылда бір рет өтетін маңызды іс-шарадан тыс қалмауға шақырады.
Халық санағы-бұл мемлекеттік маңызы бар іс-шара. Бұл бүгінгі таңдағы барша халқымыздың, еліміздің "жедел бейнесі" деуге болады. Тек санақ азаматтарымыздың өмірінің нақты көрінісін білуге және елдегі демографияның, әлеуметтік және саяси өмірдің негізгі аспектілері бойынша ахуалға болжам жасауға мүмкіндік береді.
Облыстың барлық тұрғындарын еліміз үшін маңызды іс-шараға белсенді қатысуға және жалпы өңірімізді қолдауға шақырамыз!
Қазақстанда әркім маңызды!!!