Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды.

2021 жылғы 18 қыркүйекте Премьер-Министрдің орынбасары Р. Склярдың делегациясы құрамында ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Е. Қарашөкеев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды.

Ведомство басшысы егін жинау барысымен, жел электр станциясының жүйесімен, сүт-тауарлық фермасының, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты, сондай-ақ ғылыми зертханаға барды.

Е. Қарашөкеев картоп, көкөніс және дәнді дақылдар өсірумен айналысатын "Тимур" шаруа қожалығының алқаптарын аралап көрді.

"14,6 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды, орташа өнімділік 9,3 ц/га құрайды, өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, шамамен 18,8 млн тонна астық бөлуге жатады. Осылайша, Қазақстан астыққа деген ішкі қажеттілікті толығымен қамтамасыз етеді", - деп атап өтті министр.

Жылыжай кешенінің қызметімен танысу барысында ведомство басшысына жылыжай өнімдерін өндіру бойынша ағымдағы жағдай және одан әрі даму перспективалары ұсынылды.

"Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында жылыжайларды салу кезінде шығындардың бір бөлігі өтеледі", - деді Е. Қарашөкеев.

Вируссыз картоп тұқымын өсіруге арналған биозертхананың жұмысымен танысқан ауыл шаруашылығы министрі жалпы ауыл шаруашылығы жүйесінің тиімділігі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру мен мал шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген әдістері мен тәсілдеріне негізделуі тиіс екенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы министрлігі.