Павлодар облысының арзандатылған дизель отынын жеткізу бойынша операторларды анықтау критерийлері

Павлодар облысының арзандатылған дизель отынын жеткізу бойынша операторларды анықтау критерийлері

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасында 2021 жылғы көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге облыс ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне (бұдан әрі - АШТӨ) арзандатылған дизель отынын жеткізу бойынша операторды таңдау бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды.

Павлодар облысының арзандатылған дизель отынын жеткізу бойынша операторларды анықтау критерийлері:

  1. Облыстың жергілікті атқарушы органы ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі операторларды айқындау жөніндегі комиссияны құрады.
  2. 2. Комиссия отырысына қалалық/аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары қатысады.
  3. 3. Операторларды іріктеу ағымдағы жылғы дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін АШТӨ-ні арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету бағдарламасына қатысуға өтінім берген, мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы жұмыстарды орындауға аккредиттелген кәсіпкерлік субъектілері қатарынан, сондай-ақ дизель отынын жетізуге және сақтауға арналған резервуарлары бар және дизель отынының вагон партияларын өз мұқтаждары үшін төлеуге және әкелуге мүмкіндігі бар ірі ауыл шаруашылығы құралымдары-дербес операторлардан жүзеге асырылады.
  4. 4. Дизель отынын сатып алуды оператор өз қаражаты есебінен жүргізеді және мұнай және газ министрі бекіткен және ауыл шаруашылығы министрімен келісілген МӨЗ-ге облыстарды бекіту кестесіне сәйкес жеткізіледі.
  5. Сатып алу облысқа бекітілген МӨЗ-мен жүзеге асырылады, оны облыс орталығына жеткізу, төгу, сақтау және түпкі тұтынушыларға (АШТӨ) жіберу аудан әкімдері бекіткен тізімдерге сәйкес қамтамасыз етіледі. Оператор көктемгі-егіс жұмыстары бойынша көлемдерді сақтауды ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін, күзгі - егіс жұмыстары бойынша – 15 қазанына дейін қамтамасыз етеді.
  6. 6. Мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екені туралы банктің анықтамасы, оператордың шотында қажетті ақша қаражатының бар екені не кредиттік ресурстарға қол жетімді екені туралы банктің растамасы;
  7. 7. Мұнай өнімдерін өткізу құқығына рұқсат және аккредиттелген субъектілердің (мұнай өнімдерін берушілердің) тізіліміне енгізілуі мүмкін:

- мемлекеттік кіріс органының белгісі бар «(авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру, бензинді (авиациялықтан басқа) көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретіндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы»  соңғы 3 жылдағы хабарламалардың көшірмелері;

-ҚР Энергетика министрлігі берген мұнай өнімдерін көтерме жеткізумен байланысты қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы талон және хабарлама;

  1. 8. Павлодар облысының аумағында мұнай өнімдерін сақтаудың жалпы көлемі кемінде 2 000 м3 болатын мұнай базасының (ЖЖМ қоймасының) болуы. Не үшін, келесі құжаттарды ұсыну қажет:

-жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама (Ф-2);

- мұнай базасының (ЖЖМ қоймасының) жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат;

- бітіру кестесінің көшірмесі;

- резервуар паспортының көшірмесі;

- резервуарлық парктің технологиялық схемасының көшірмесі;

- арнайы автокөліктерге арналған таразының болуы;

- егер мұнай базасы қызметтерді жеткізушіге меншік құқығында тиесілі болмаса, онда мұнай базасының меншік иесі мен жалға алушы арасындағы жалдау шартының көшірмесі;

- «КТЖ жүк тасымалдау» АҚ   және кірме жолдың меншік иесімен келісім-шарт (келісім) ұсыну;

  1. 9. Дизель отынын босату операторларды іріктеу жөніндегі комиссияның хаттамасында келісілген және тіркелген баға бойынша жүргізіледі;
  2. 10. Мұнай базасындағы қызметтерді жеткізуші ретіндегі жұмыс тәжірибесі (мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау, жіберу (өткізу) кемінде 2 жыл;
  3. 11. Әлеуетті қызметтер берушінің бірінші басшысын тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;
  4. 12. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің және/немесе анықтаманың электрондық көшірмелері;

13.Құрылтайшылар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Жарғының электрондық көшірмесі, жеке куәлік (жеке кәсіпкерлік субъектісі үшін);

  1. 14. Салық органынан өтінім берілетін күнге дейін 5 күнтізбелік күннен бұрын берілген қарыздың жоқ екені туралы анықтама.

Операторларды айқындау жөніндегі ұсынылған құжаттаманы комиссия мүшелері қалалар мен аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдері басшыларының қатысуымен тексереді, ол хаттамамен ресімделеді.

Өтінімдер басқарманың электрондық сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі 61, 4-қабат, кабинет 409.