Құрметті Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері!

Құрметті Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері!

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес мал шаруашылығы саласында субсидиялар алу үшін өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап 20 желтоқсанды қоса алғанда жүзеге асырылатынын хабарлайды.
Өтінімдер «электрондық үкімет» веб-порталының «subsidy.plem.kz» мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылы арқылы электрондық форматта қабылданады.