Павлодар қаласында өткен жастар арасындағы қазақ күресінен үш күндік республикалық турнирде еліміздің екі жүзден астам балуаны өз өңірлерінің намысын қорғады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының атынан тәрбиеленушіміз, 17 жастағы Х. Бекхожин атындағы мектептің түлегі Жақсыбаева Зарина шықты. Турнир қорытындысы бойынша ол 45 келі салмақтағы қатысушылар арасында күміс медаль иегері атанды және спорт шеберіне үміткердің спорттық нормативін растады.
- Біз бұл турнирге ұзақ және жүйелі түрде дайындалдық және соған нәтижеміз де лайықты болды. Бұл Заринаның спорттағы үлкен сапарының бастамасы ғана. Оның өнерін мақтан тұтамын және біздің алдымызда көптеген жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін, - дейді орталықтың педагогі, жаттықтырушы Азамат Оразгелдіұлы Токқожин.
Зарина орталықта 11 жасынан бастап жаттығады, ол мақсатшыл, тәртіпті және өте еңбекқор. Өзінің дамуымен үнемі жұмыс істейді, бастамашылық пен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады.