Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес № 25 ЖОМ базасында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Батырларға тағзым» әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша «Асау жүрек» жарысы өтті. Мақсаты - жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, Отан қорғаушы мамандығын дәріптеу. Жалпы білім беретін мектептердің 8 - 10 сынып оқушылары қатысты, команда құрамында 3 ұл 1 қыз болды.
Жарыстың демеушісі Таскарин Сағадат Сыздықұлының ұлы Таскарин Амангелді және оның отбасы болды. Сағадат Сыздықов, біздің жерлесіміз және № 33 мектептің алғашқы әскери дайындық мұғалімі, Қызыл жұлдыз ордендерінің иегері.
Жарысты өткізу бойынша жалпы басшылық алғашқы әскери технологиялық даярлықты ұйымдастырушы - мұғалімдердің төрешілер алқасына жүктелді. Жарыс бағдарламасына АК-74-ті толық бөлшектеу және құрастыру, денені шалқасынан жатып көтеру, тартылу жаттығуларын орындау, арқан тарту, пневматикалық мылтықтан нысанаға ату кірді.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды № 25 ЖОМ командасы, ІІ орынды Кенжекөл ЖОМ командасы, ІІІ орынды Б. Момышұлы атындағы мектеп командасы иеленді. Олар дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.