Муай тай бойынша турнирде жігерліктер он үш медаль жеңіп алды

Муай тай бойынша турнирде жігерліктер он үш медаль жеңіп алды

Аты аңызға айналған «Динамо» спорт қоғамының 100 жылдығына арналған қоян-қолтық жекпе-жектен екі күндік ашық облыстық турнирде облыстың барлық өңірлерінен үздік жас жауынгерлер жиналды. Бұл жай ғана турнир емес - бұл күш, батылдық және спорт мерекесі болды.

Әсіресе, бұл күндері Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Жігер» балалар – жасөспірімдер орталығының тәрбиеленушілері ерекше көзге түсті. Олар орталықтың қоржынын 8 - 9 жас, 12 - 15 жас аралығындағы қатысушылар арасында 10 алтын, 3 қола медальмен толықтырды. Ал, 9 жастағы Сабыржанов Абылайхан 8 - 9 жастағы қатысушылар арасында «Үздік техника үшін» жүлдесін жеңіп алды.

Марапаттау рәсімінде жаттықтырушылар Дамир Фатхутдинов пен Фархат Ахметов - Бұл балалар - біздің болашағымыз. Бүгінде олар тек техника мен соққыларды көрсетіп қана қоймай, мінезін, командалық рухын және қарсыласына деген құрметін көрсетті. Олармен жұмыс істеу біз үшін мәртебе, - деп оқушылардың жетістіктеріне қуанып, мақтанышпен пікірлерімен бөлісті.

Жас жауынгерлер медальдарды ғана емес, оларды одан да күшті ететін баға жетпес тәжірибені алды. Турнир өсу мен жаңа биіктерге ұмтылу сахнасына айналды.