Балалар дауыстарының үні

Балалар дауыстарының үні

Павлодар қаласындағы балалар музыка мектебінде 7 - 16 жас аралығындағы 290-ға жуық оқушының қатысуымен «Алтын бұлақ» фестиваль-конкурсы өтті. Мақсаты - балалардың хормен ән айтуын және вокал өнері саласындағы дарынды оқушыларды қолдау және дамыту.

Мектеп сахнасында 9 хор ұжымы - хор бөлімінің бірінші, кіші, орта, жоғары сыныптарының хорлары, хор ұжымдары, вокалдық ансамбльдер және мектептің жеке және ансамбльдік ән айту бөлімінің жеке орындаушылары өнер көрсетті. Хор ұжымдары хор орындау талаптарын орындай отырып, жоғары дайындықтарын көрсетті. Олардың орындауында А. Абдинуровтың, А. Бақтыгереевтің «Туғанжер», С. Апасовтың, С. Астраханцевтің «Біздің сүйікті Қазақстан», Е. Плотникованың «О той весне», Л. Воеводскаяның «Отаным менің - Қазақстан», А. Дүйсенбі, Қ. Махановтың «Болашағы біз елдің», О. Байдильдаевтің, М. Ниязбековтің «Туған жер», А. Жұбановтың, Н. Баймухамедовтің «Ақ көгершін» патриоттық және әскери әндер шырқалды.

Ансамбльдік ұжымдардың конкурстық тыңдауы арасында «Bright», «Сұлулық», «Дуэт», «Dolce»ансамбльдері жүлделі орындарға ие болды. Олардың орындауында А. Чешегорованың «Танцуй, вместе со мной», А. Бабаджанянның, А. Вердянның «Улыбнись», В. Сусловтың, Я. Дубравиннің «Песня о земной красоте», К. Дүйсекеевтің, Ш. Сариевтің «Асыл ана» әндері орындалды.

Вокалистер конкурсына «Академиялық» және «Эстрадалық вокал» номинациялары бойынша 30 оқушы қатысып, 27 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлде Тлеухан Мухаммедке Энтони Ньюли, Лесли Брикасстің«Felling good» әнін орындағаны үшін берілді.

- Конкурсқа қатысушылардың өнер көрсетулері дыбыстың жақсы жеткізілуімен, әртістігімен, түрлі жанрлы және әртүрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды эмоционалды түрде ұсына білуімен есте қалды. Бұл музыка мен шығармашылықтың нағыз мерекесі болды, көрермендерге жарқын нөмірлер ұсынылды, - дейді басшының орынбасары Елена Владимировна Поршнева.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері мектеп грамоталарымен марапатталды.