Жас инспекторлардың қалалық слеті

Жас инспекторлардың қалалық слеті

Балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының, балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу мақсатында № 11 орта мектепте жол қозғалысы жас инспекторларының қалалық слеті - 2025 өткізілді. Слет Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 12 - 14 жастағы қаланың 13 жалпы білім беретін мектептерінің 130 оқушының қатысуымен ұйымдастырылды.

         Қазылар алқасына жергілікті полиция және жол қызметінің, «Қызыл жарты ай қоғамы» Павлодар филиалының өкілдері қатысты. Слет бағдарламасына 6 байқау - «Саптық байқау», «Жол қозғалысы ережелерін білу», «Жас реттеуші», «Жас санитар», «Эрудиттер турнирі» және «Бейнероликтер конкурсы» үй тапсырмалары енді.

         Слеттің қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша жүлделі орындарға 11 команда ие болды, олардың ішінде І орынды № 40 мектептің «Жол сақшысы» командасы иеленді. Маусым айында жеңімпаздар жас инспекторлар слетінің облыстық кезеңіне қатысады.

         ІІ орынды Қ. Бекхожин атындағы мектептің «Сұңқар», С. Торайғыров атындағы мектептің «ЖҚЕ білгірлері», № 38 мектептің «Қауіпсіздік қыздары», Жетекші орта мектебінің «Бағдаршам» командалары иеленді.

         ІІІ орынды № 11 мектептің «ЖҚЕ-патруль», Р. Нұртазина атындағы мектептің «Жол достары», № 24 мектептің «Полицияның жас көмекшілері», 26 мектептің «Балалық шақтың ізгі жолы», А. Байтұрсынов атындағы мектептің «Бағдаршамы», № 41 мектептің «Роадерлері» командалары иеленді.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды.