Шет тілдерден республикалық олимпиаданың қорытындысы

Шет тілдерден республикалық олимпиаданың қорытындысы

Көкшетауда Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында 10 - 11 (12) сынып оқушылары арасында ағылшын, француз және неміс тілдерінен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың бес күндік қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 175 дарынды оқушы, облыстық кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Павлодар облысын 11 оқушы таныстырып, 10 медаль иегері атанды.

Олимпиада қорытындысы бойынша неміс тілінен Павлодар қаласындағы мамандандырылған мектептердің 8, 11-сынып тарының 6 оқушысы және Павлодар қаласындағы № 39 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы III дәрежелі қола медальдар мен дипломдардың иегерлері атанды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасымен Павлодар қаласының № 39 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Кремер Милана неміс тілі бойынша марапатталды. Мұғалімі - Танзиля Рафкатовна Мокроусова.