
2025 жылғы 15 сәуір күні «Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОМ» КММнің базасында қала және облыс мектептерінің ОӘБ басшысының орынбасарларына арналған «Пәнаралық байланыстар білім берудегі инновациялық үдерістердің көрсеткіші ретінде»: мектептің даму бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі тәжірибелік алаңы өтті.
Мектеп ұжымы мектепті дамыту бағдарламасы бойынша «Білім берудегі инновациялық процестердің көрсеткіші ретінде пәнаралық байланыстар» тәжірибелік алаңын ұйымдастырды. Семинарды ұйымдастырушылар мектепті дамыту Бағдарламасын іске асырудың бірінші жылындағы инновациялық процестердің сапасы мен тиімділігін талдады.
Семинарға қатысушылар мен қонақтар әдістемелік күндерді ұйымдастыру, шығармашылық топтардың жұмысы, пәнаралық оқыту және геймификация арқылы мектеп жұмысының жүйесімен танысуға мүмкіндік алды. Көптеген жылдар бойы мектеп дамуының негізгі тақырыбына айналған "Мәшһүртану" тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл арнайы курстар, ғылыми-этнографиялық музейдің жұмысы, Мәшһүр ғалымдарымен өзара іс-қимыл, Астана қаласының Мәшһүр Жүсіп атындағы № 57 мектебімен тығыз жұмыстың нәтижесі.
Семинарға қатысушылар Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының бас маманы Р. Т. Сулейман, Павлодар қаласы ҚБ әдіскері Ғ. А. Шиндлярская, сонымен қатар Железинка, Баянауыл, Шарбақты, Павлодар ауданы және Аққулы аудандарының өкілдері педагогтардың алдына қойылған күрделі міндеттерді шешуге қабілетті мұғалімдердің ұйымшыл тобын, жұмыстың жүйелілігін атап өтті.