Мектепке дейінгі балалар олимпиадасының қорытындысы

Мектепке дейінгі балалар олимпиадасының қорытындысы

Өңірдегі 97 білім беру ұйымының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы орта білім беретін мектептердің 122 тәрбиеленушісінің қатысуымен «Жауқазын» облыстық олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Олимпиада Павлодар қаласындағы № 35 жалпы білім беретін мектепте облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен өткізілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша облыстың 61 қатысушысы жүлделі орындарға ие болды, соның ішінде 27-сі Павлодар қаласының қатысушысы. Олар Павлодар облысы білім басқармасының түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды.

Облыс бойынша 14 қатысушы І орынды иеленді, оның ішінде Павлодар қаласынан 7 мектеп жасына дейінгі бала - № 29 балабақшадан Исина Әдия, Раян Жұмабеков (№ 46), Ратмир Гумаров (№ 102), Арин Головлин (№ 96), Злата Рубан (№ 19), Ева Христюк(№ 8), Клемент Мирон (№ 51).

Облыста 20 мектеп жасына дейінгі бала ІІ орынды иеленді, олардың 11-і Павлодар қаласының тәрбиеленушілері - № 12 балабақшадан шыққан Тлешова Жансая, Құрманбай Жаһангер-Сұлтан және Болат Айлин (№ 37), Анарбаева Алима (№ 25), Солтанхамит  Әбілмансұр (№ 9), Құсаин Мирас (№ 111), Шаймерден Жансерік (№ 33), Кожанова Ясмина (№ 18), Акылбек Камиль (№ 24),  Күренбай Мұхаммедәлі және  Ярышев Тамерлан  «Детвора» жеке меншік мектебінен.

Облыста ІІІ орынды 27 кішкентай эрудит иеленді, олардың 9 Павлодар қаласынан - № 8 сәбилер-бақшасынан  Жәнібекұлы Бексұлтан, Кузьмина Яромила (№ 18), Амельченко Егор (№ 27 - даму орталығы), Косогор Мирон (№ 24), Яцук Тихон (№ 17), Садырбаев Тимур (№ 53), Волгужина Кира (№ 79), Медведенко Тимур (№ 85), Ларгизов Андрей (№ 42 мектепке дейінгі гимназия).

«Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған», «Зерек бүлдіршін» номинацияларына облыстың 61 қатысушысы ие болды, олардың 9-ы Павлодар қаласы.

«Алғыр балауса» номинациясы бойынша № 48, 47, 43, 122, Кенжекөл ауылының № 20  балабақшаларының  тәрбиеленушілері.

«Ойшыл балдырған» номинациясын № 122, 46, 8 балабақша тәрбиеленушілері иеленді.

«Зерек бүлдіршін» номинациясын № 2, 3, 4, 120 балабақшаларының тәрбиеленушілері, Кенжекөл орта мектебінің мектеп алды сыныбы иеленді.