Облыс әкімі жас дарындарды математика жеңісімен құттықтады

Облыс әкімі жас дарындарды математика жеңісімен құттықтады

       Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов 1 - 4 сынып оқушылары арасында өткен XVIII «Бастау» республикалық математикалық олимпиаданың жеңімпаздары және  жүлдегерлерімен кездесіп, оларды жеңісімен құттықтады. Олардың қатарында Хабылбеков Әли Кахан, № 39 мектептің 3 сынып оқушысы, Путиков Артем, 2 сынып оқушысы және Мұхамедияров Әбілхайыр, «Детвора» жекеменшік мектебінің 4 сынып оқушысы.

       Еске салайық, командалық есепте павлодарлық команда І орынды иеленді, жеке есепте Әли Кахан, Артем және Әбілхайыр қола медальға ие болды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

       Аймақ басшысы ұстаздарға адал еңбектері үшін алғыс айтып, балалардың ата-аналарын білім алудағы жоғары жетістіктерімен құттықтады. Кездесу қатысушылары ақшалай сертификаттармен марапатталды.