Дебютанттар қола медаль иегерлері атанды

Дебютанттар қола медаль иегерлері атанды

Облыс орталығында спорттық акробатикадан № 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 6 - 13 жас аралығындағы 65 акробаттың қатысуымен біріншілік өтті, оның ішінде жеті жасарДана Ғалымбек пен сегізжасар Давид Меликов үшін жарыс бірінші және сәтті өтті. Олар қола медаль жеңіпалды, жаттықтырушысы Марина Гулевская.

Дана № 7 мектептің 1-сынып оқушысы. Ол спорттық акробатикадан басқа, М. Катаев атындағы оқушылар сарайының «Сымбат» изостудиясына, «Тип-топ» би үйірмесіне барады. «Аязды витраждар» бүкіл ресейлік балалар суреті байқауында I орын, «Менің елім - менің жерім» суреттер байқауында - III орын, «Туған өлкенің сиқырлы әлемі» байқауында - II орын, «Samqay» I республикалық би байқауында - II орын алды.

Сегіз жасында Давид мектеп пәндерін ғана емес, сонымен қатар спорттық және шығармашылық шыңдарды да сенімді түрде бағындыруда. С. Торайғыров атындағы мектептің 2-сынып оқушысы және бірден бірнеше бағытта өзін көрсете алады.Алты жасынан бастап спорттық акробатикамен айналысады. Мектептегі «Домовенок» студия-театрына да қатысады. Жас актер «Music Art Festival» балалар халық байқауы аясында қалалық сахнада «Незнайка на Луне» қойылымында өнер көрсетіп, I орын алды. Павлодар қаласының көркемсурет мектебінде сурет салу дағдыларын дамытады, шахмат үйірмесіне қатысады. Шаңғы спортына құмар, жазда «Жолдар» велоклубының құрамында ересектермен тең өнер көрсетеді. Математика пәнінен «Пони», «Сапсан» олимпиадаларына қатысады.