
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарлама аясында қала мектептерінің оқушылары мен Павлодар қаласының экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері халықаралық құстар күніне арналған «Қанатты достар» қалалық акциясына қатысты.
Акцияны орталық 18 жыл бойы өткізуде. Бұл күні орталықтың экологиялық-ботаникалық кешенінің аумағында оннан астам құс үйлері ілінді. Онда қараторғай, сары шымшық, торғайларбар.
- Құстар экологиялық экожүйелерде маңызды рөл атқарады, олардың жойылуы апатқа әкелуі мүмкін. Біздің акция құстардың адам өміріндегі маңыздылығын еске салуға арналған, - деп атап өтті орталықтың «Экология» бөлімінің меңгерушісі Наталья Губарь.
Сондай-ақ орталықта еңбек десанты ұйымдастырылды. Жас экологтар аумақты тазалап, «Табиғатпен бірге», «Құс басқатырғыштары», «Құстар туралы мақал-мәтелдер», «Көктем хабаршылары», «Сұрақтар қою» бағыттары бойынша «Табиғат білгірлері» квестіне қатысты. Қатысушылар өз білімдерін көрсетіп, тәтті сыйлықтарға ие болды. Іс-шараға жүзден астам оқушы қатысты.